352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының өнерпаздары елорда мерейтойына орай концерт өткізді

  • Read 301 times
Түркістан облысының өнерпаздары елорда мерейтойына орай концерт өткізді

Жаңадан құрылған Түркістан облысының өнерпаздары елорданы әнмен әлдиледі.

Астананың 20 жылдығына арналған бұл шара бас шаһардың іргесіндегі Этноауылда өтті. Мәдени күндер 3 күн бұрын яғни 17 маусымда басталған. Бүгін қорытындыланды. Концертте осы өңірде туып өскен композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Шығармашылық ұжым алғашқы екі күнде Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шықса, соңғы күні Түркістан облысының өнерпаздары атанды.

Мәжит Ілиасқар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Түркістан былай алып қарағанда қазір дүниежүзіндегі ірі қалалар Берлин, Лондон, өзіміздің мынау Ташкент, Мәскеу сол секілді ірі қала болатын  жағдайы бар еді. Діни жағына байланысты біріншіден совет үкіметі басып тастады, өсірмеді. Өте рахмет, тәуелсіздіктің арқасы. міне үлкен оқиға деп отырғаным сол. Дүниежүзілік мәне бар үлкен оқиға. Сондықтан бұл қазақтың халқын өресін өсіретін де кеңейтетін де үлкен нәрсе. Біз бүгін Елбасы Назарбаевтың  қол қойып бекіткенін қуаттаймыз, қоштаймыз.

Асылхан Темірхан, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы: 

- Түркістан - біздің рухани астанамыз. Бұрыннан бүкіл түрік халқы мойындаған. Өте дұрыс деп ойлаймын. Түркістан облыс орталығы болуына байланысты мәдениет саласына келсек, бізде Түркістанда Сейтметов атындағы театрымыз бар, сазды драма театры. тарихи мәдени этнографиялық орталығымыз бар. Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын үлкен Яссауи кесенесі тарихи музейіміз бар. Жалпы көшкен кездің өзінде де біз ешқандай ұтылмаймыз.

back to top
Хабар 24 телеарнасы