361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: Түркістандық өнерпаздар этноауылда Ш.Қалдаяқовтың әндерін шырқады

  • Read 151 times
Астанаға 20 жыл: Түркістандық өнерпаздар этноауылда Ш.Қалдаяқовтың әндерін шырқады

Жаңадан құрылған Түркістан облысының өнерпаздары елорданы әнмен әлдиледі.

Астананың 20 жылдығына арналған бұл шара бас шаһардың іргесіндегі этноауылда өтті. Мәдени күндер 3 күн бұрын, яғни 17 маусымда басталған. Бүгін қорытындыланды. Концертте осы өңірде туып өскен композитор, Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Шығармашылық ұжым алғашқы екі күнде Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шықса, соңғы күні Түркістан облысының өнерпаздары атанды.

Мәжит Ілиасқар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Түркістан дүние жүзіндегі ірі қалалар – Берлин, Лондон, Ташкент, Мәскеу секілді ірі қала болатын. Облыс атануы – дүниежүзілік мәні бар үлкен оқиға. Елбасының шешімін қоштаймыз.

Асылхан Темірхан, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы:

– Түркістан – біздің рухани астанамыз. Түркістан облыс орталығы болуына байланысты мәдениет саласына келсек, бізде Сейтметов атындағы театр бар, сазды драма театры және тарихи мәдени этнографиялық орталық бар.

back to top
Хабар 24 телеарнасы