369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылады

  • Read 154 times
  • Media
Польшада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылады

Астананың 20 жылдығы Польшаның бас қаласы Варшавада да тойланады.

Бұл туралы Қазақстанның осы мемлекеттегі елшісі Марғұлан Баймұхан мәлімдеді. Шараға Польшаның іскер топ өкілдері мен кәсіпкерлері шақырылып, Қазақстанның бүгіні мен болашағы және туристік әлеуеті таныстырылады. Жалпы қос мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы қалыптасты. Олардың Орталық Азиямен жасасатын тауар айналымының 80 пайызы біздің еліміздің үлесінде. Қазақстан капиталына поляк кәсіпкерлері 60 миллион АҚШ долларын құйған. Бүгінде фармацевтика, құрылыс тауарларын шығару саласында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Біз Польша нарығын саралап, ол елге не экспорттау тиімді екенін қарастырдық. Қазірдің өзінде Қазақстанда шығарылатын аккумуляторлар Беларусь арқылы Польшаға сатылып жатыр. Бізге делдал керек емес. Өзіміз де тікелей экспорттай аламыз. Осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Екіншіден бізде өсетін дәрілік шөптер Польшада сұранысқа ие. Яғни оны да экспорттау жағдайын қарастырып жатырмыз.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы