359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайлықтар Астана күніне тарту жасады

  • Read 246 times
  • Media
Абайлықтар Астана күніне тарту жасады

Шығыс Қазақстан облысында елорданың 20 жылдығына ауылдағы шаруашылық жетекшілері сый-сияпат жасады.

Абай ауданына қарасты Архат ауылында субұрқақ пен саябақ ашылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында «Туған жер» бағдарламасы аясында құны 10 миллион теңге болатын робототехника, химия және биология сыныптары да іске қосылмақ.

Мыңнан астам халқы бар Архат ауылы – шалғайда жатқан елді мекендердің бірі. Негізінен мал өсірумен шұғылданатын тұрғындар еңбектің қадірін жақсы ұғынады. Елде болса ерінге тиеді, ауыл тұрғындары Астана күні қарсаңында үлкен қуанышқа кенелді.

Зүбәйлә Аманқызы, еңбек ардагері:

- Түрленіп, гүлденіп келе жатыр. Оған қуаныштымыз, үйде отырып қуанамыз. Туған жердің көркейіп  тұрғаны өте жақсы ғой. Субұрқақ әдемі, өзіміздің ауылға лайықты, бала-шағамыз осы жерде ойнаса қандай жақсы.

Осындағы шаруашылық жетекшілері бірігіп субұрқақтан өзге тағы бір нысан – саябақтың ашылуына да мұрындық болып отыр. Қазір мұнда 100 түп шаған, шырша сияқты ағаштар отырғызылып, ауылға көрік беріп тұр. Аудан кәсіпкерлері «Туған жер» бағдарламасына да атсалысып жатыр.

Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі:

- «Менің мектебім» акциясы бойынша қорға Абай ауданынан 10 миллион теңге толығымен құйылды. Бізде қазіргі уақытта 5 робототехника, бір биология және бір химия кабинеті жасақталып жатыр. Осы жаңа оқу жылы, қыркүйек айына дейін толығымен келеді деп, қазір соған жұмыс жасалып жатыр.

Қазір Шығыс Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін арнайы 5 жылдық бағдарлама қабылданған. Жалпы құны 28 миллиард теңге болатын 57 жоба қарқынды іске асырылып жатыр.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы