356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Жұбановтар әуені-2018» байқауы өтіп жатыр

  • Read 305 times
Ақтөбеде «Жұбановтар әуені-2018» байқауы өтіп жатыр

Ақтөбеде халықаралық хор музыка фестиваль-байқауы өтіп жатыр.

Мәдени шара әйгілі Жұбановтар отбасының шығармашылығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Кәсіби ұжымдар сынға түскен байқауға Ресейдің Санкт-Петербург, Орынбор, Саратов қалаларынан қатысушылар келді. Одан бөлек Алматы, Атырау мен Қызылорданың камералық хорлары қатысып жатыр. «Жұбановтар әуені-2018» байқауының мақсаты – ел мен елдің арасындағы мәдени байланысты нығайтып, қазіргі заманғы хор музыкасын насихаттау. Сонымен бірге жаңа таланттарды тауып, шығармашылығын шыңдау. Хор ұжымдарының өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында Латвия, Ресей мен Қазақстанның мықты дирижерлері бар. Қатысушыларға қойылатын басты талап – олар Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың бір шығармасын міндетті түрде орындауы керек.

Мербол Құспанов, облыстық филормониясы қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі:

- Біздің облыста хор музыкасы дамып келе жатыр. Біздің облыста Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры – ең бірінші Қазақстанда құрылған хор. 1990-1991 жылдары, Кеңес үкіметі құлап жатқан кезде, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алмаған кезде біздің қазақ хоры құрылған. Оған қазақ деген атақ берген. Қазақ музыкасын, қазақ әндерін, өнерін бүкіл әлемге паш ету үшін сол кезде құрылған хор қазір қазақ өнерін әлемге танытып жүр.

back to top
Хабар 24 телеарнасы