369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда тұңғыш рет дуатлоннан сайыс өтеді

  • Read 112 times
Оралда тұңғыш рет дуатлоннан сайыс өтеді

Оралда Астана күніне орай алғаш рет дуатлоннан сайыс өтпекші.

Кәсіпқой және әуесқой спортшылар велосипедпен және жаяу жүгіру бойынша өзара мықтыларды анықтамақ. Жарыс жолындағы жалпы арақашықтық – Астананың 20 жылдығына сәйкес жиырма шақырым. Яғни сайыскерлер 5 шақырым бойы жаяу жүгірсе, кейінгі 12 шақырымды велосипедпен бағындырады. Қалған 2,5 шақырымды қайтадан жүгіріп өтулері тиіс. Жарыс Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінен басталып, Тұңғыш Президент атындағы алаңда мәреге жетпек. Өңірде алғаш ұйымдастырылатын дуатлон додасына 3 мыңдай адам қатысады. Жеңімпаздарға жүлдеге сыйлық ретінде велосипедтер табысталатын болады. 

Әсия Аманбаева, БҚО Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Екіншіден жүйелі түрде спортпен, денешынықтырумен айналысатын адамдардың санын көбейту. Бұл спорттық шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.

back to top
Хабар 24 телеарнасы