359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ұйымдастырылған дүниежүзілік театр фестивалі өз мәресіне жетті

  • Read 140 times
  • Media
Астанада ұйымдастырылған дүниежүзілік театр фестивалі өз мәресіне жетті

Берлин, Венеция, Канн кинофестивальдері мен Оскар сыйлығының иегері Жюльет Биноштың Астанада шығармашылық кеші өтті.

Әйгілі актриса моноспектакль барысында атақты француз әншісі Барбараның өмірінен сыр шертетін бірнеше туындыны орындады.

Атап өтейік, Жюльет Бинош елордада ұйымдастырылған екінші дүниежүзілік театр фестивалінің жабылу салтанатына арнайы қонақ ретінде шақырылған. Астананың 20 жылдығына арналған жаһандық деңгейдегі фестиваль маусымның он алтысы басталған болатын. Оған 13 мемлекеттен 17 театр ұжымы келіп, ұзын саны 18 қойылымды сахналады. Шамамен 10 күнге ұласқан ауқымды мәдени шара Бейбітшілік және келісім сарайында мәресіне жетті.

Еламан Төлепберген, «Қазақконцерт» МКҰ баспасөз хатшысы:

– Бұл – үлкен театр мерекесі. Жас әртістер үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Себебі шетелдің белгілі театрлары отандық театрлармен бірлесе жұмыс жасауы – үлкен тәжірибе.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы