352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында елорда мерейтойына арналған форум өткізілді

  • Read 312 times
  • Media
Жамбыл облысында елорда мерейтойына арналған форум өткізілді

Астана бүгінде аймақтардың арқауы, бағытты айқындайтын темірқазыққа айналды.

Жамбыл өңірі де оған қарап бой түзеп айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, облыста 20 жылда тек Елорданың туған күніне арнап 350 әлеуметтік нысан мен 100-ден астам өндіріс орны іске қосылған. Жалпы өңірлік өнім 110 есеге өсіп, 2 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Астана қаласының 20 жылдығына жамбылдықтар облыстық форум өткізді. Салтанатты шара барысында Астанамен қатар, өңірдің де әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық жетістіктері сөз болды. Мерекелік жиынға ардагерлер, этно-мәдени бірлестіктер, зиялы қауым, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Ал белсенді жастар мен Елорданың құрдастары өз құттықтауларын жеткізді. 

Еркежан Ыбыраева, студент:

- Арманым - Астананы, Қазақстанды көркейту, оны әлемде жаңа белестерге жетуіне үлес қосқым келеді.

20 жылда Астанамен бірге Жамбыл жері де өсті, өркендеді.  Осы уақыт ішінде бір ғана «Индустриаландыру» бағдарламасы аясында жалпы құны 162 миллиард теңге болатын 56 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде  6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс елімізде баламалы энергия көздерін пайдалануда көш бастады. Бүгінде 9 жаңартылатын энергия станциясы жұмыс істеп тұр. Ал «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі салынғалы жол бойындағы елдімекендердің дамуына тың серпін берді. Форум барысында оңды іске қариялар ризашылықтарын білдіріп,  ақ батасын берді.

Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

 - Астананың арқасында аймақтарда, өңірлерде өсіп жатыр. Соның куәсі мынау Тараз қаласы. Жамбыл өңірі. Осы 20 жылдың ішінде облысымызда 350-ге жуық мәдени-әлеуметтік объектілер қосылыпты іске. Осының өзі айғақтайды. Тарихқа қарасаң аз-ақ ғана уақыт. Бірақ істелген жұмыс орасан зор. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Астана - 21-ғасырдағы 10 жыл ішінде бой көтерген жалғыз Елорда. Ал Қазақстан – екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз мемлекет. Айта кету керек, Әулиеата жері тарту жасауды жалғастырады. Қазір өңір атынан Астанадағы Есіл ауданы «Достық» көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін 13 шақырымдай велосипед инфрақұрылымы салынып жатыр. Жақында веложол бойының екі жағынан монумент ескерткіштер бой көтермек. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы