352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалі басталды

  • Read 318 times
Астанада «Көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалі басталды

«Көшпенділер әлемі».

Дәл осындай атаумен бүгін Астанада халықаралық мәдени фестиваль басталды. 8 елдің өкілдері дала халына тән қасиеттер бойынша өзара сынға түсіп, ұлттық ерекшеліктерін паш етті.

Шіркін, нақ орта ғасырларға тап болғандайсың. Бүгін Астананың іргесі нағыз көшпенділер әлеміне айналды. Бұл өз негізін 2008 жылдан алатын халықаралық фестиваль. Ал Астанада алғаш рет ұйымдастырылып тұр. Оның бас қасында жүргендер елорданың 20 жылдығына осындай үлкен ауқымдағы және ерекше форматтағы тарту жасауды жөн көріпті.

Астана іргесіндегі этоноауылдан ортағасырлардағы батырларды, аруларды, мергендірді, тіпті, құсбегі мен итбегілерге дейін кездестіруге болады. Жүздеген қатысушы қала тұрғындары мен қонақтары үшін естен кетпес мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Андраш Бюро, шараға қатысушы:

- Біз Мажарстаннан келдік. Астана қаласының 20 жылдығы құтты болсын! Мажар халқынан үлкен сәлем сіздерге.

Фестиваль бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады. Бірінші, спортшылар арасындағы бәсеке. Яғни әр елден келген мықтылар дала халқының ұлттық сайыстары бойынша өзара үздікті анықтайды. Ал екінші бағыт – өнерпаздардың бәсекесі. Яғни қатысушыдар өз халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін паш етеді. Үшінші бағыты – шеберлердің тартуы.

Даниэль Сержанұлы, ұйымдастырушы:

- Енді жыл сайын өткізу жөнінде жоспарымыз бар. Туристер тартатын үлкен шара жасағымыз келеді. Осы мақсатта арнайы келісімдерге қол қойылады.

Мәдени шара 2 күнге созылады және соңы концерттік бағдарламаға ұласады деп жоспарланып отыр. Келем деушілерге есік ашық.

Авторлары: Аслан Қаженов, Наурыз Базаров

back to top
Хабар 24 телеарнасы