352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада самбодан әлем кубогы өтіп жатыр

  • Read 148 times
Астанада самбодан әлем кубогы өтіп жатыр

Әлемнің ең үздік самбошылары бүгін Астанаға жиналды.

Президент жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 200-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олар 18 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Яғни спорттық және жауынгерлік самбо бойынша бәсекелер бөлек өтеді. Айта кетейік, Президент жүлдесіне арналған турнир елімізде дәстүрлі өткізіліп келеді және ұлттық құраманың алдағы құрлықтық не әлемдік додаларға дайындығын пысықтауға жақсы мүмкіндік. Бұған қоса самбо биыл Азия ойындарының бағдарламасына қосылды. Сәйкесінше Астанадағы аламанда көзге түскен жерлестеріміз Индонезияда өтетін байрақты бәскеде ел намысын қорғайды.

Рапиль Жошыбаев, ҚР самбо федерациясының президенті:

- Биылғы жарысты Астананың 20 жылдығына арнап ұйымдастырып отырмыз. Осындай бәсекелердің арқасында соңғы кезде елімізде самбо қарқынды дамып келеді. Қазір барлық өңірде республикалық федерация бөлімшелері бар. Ал осы спортпен айналысатындардың саны 30 мыңға жуық.

back to top
Хабар 24 телеарнасы