352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады

  • Read 122 times
БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде соңғы екі жылда ауқымды шараларды жүзеге асырды.

Астананың 20 жылдығымен құттықтаған БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Анварул Карим Чоудхури осылай деді. Оның айтуынша, Қазақстан мәдени бейбітшілікті дамытуды насихаттай отырып, жан-жақты халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге күш салып отыр.

Анварул Карим Чоудхури, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары /2002-2007 жж.

– Астананың дамуы БҰҰ-ның әрдайым назарында. Астананың 20 жылдығы – атаулы оқиға. Қазақстандықтарға бар жақсылықты, ал Астанаға гүлдену тілеймін. Және де Қазақстанның мәдени бейбітшілікті, адам құқықтарын, бейбітшілік пен қауіпсіздікті насихаттауын жалғастыра беруіне тілектеспін.

back to top
Хабар 24 телеарнасы