352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда Астананың 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау шарасы өтті

  • Read 186 times
  • Media
Германияда Астананың 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау шарасы өтті

Германияда бас қаламыз Астананың 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау шарасы өтті.

Қазақ елін мерейлі мерекесімен құттықтауға Бундестаг депутаттары, шетелдік дипломаттар, беделді саясаткерлер мен кәсіпкерлер жиналды. Шара барысында Астана туралы әндер шырқалып, қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Салтанатты қабылдауға Қазақстанның ең жақын достары жиналды. Елімізде бірнеше рет болған неміс саясаткерлері, инвесторлар мен кәсіпкерлер өз таңданыстарын жасыра алмады. Біріне қазақ елінің тұмса табиғаты ұнаса, бірі заманауи архитектруасы көңілден шыққанын жарыса айтты. Ал Қазақстанда мүлдем болмаған қонақтар үшін тамаша мүмкіндік туды. Себебі қонақтардың назарына Астананың көрікті жерлері бейнеленген фотокөрме паш етілді.  

Александр Леванович, Беларусь Республикасының Германиядағы уақытша уәкілі:

- Тамаша фотокөрме. Шағын болғанымен, Қазақстан жайлы керемет ой туғызады. Бірден сол елге сапар шеккім келді. Біз Беларусь елшілігінің өкілдеріміз. Жұбайым екеуміз Астанада болып көрмедік. Бірақ болашақта  арнайы баруды жоспарлап отырмыз. Маған Бурабай ұлттық саябағының суреттері ұнады. Қараса көз тоймайтын  табиғатын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Салтанатты қабылдау шарасын  Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов алғы сөзімен ашты. Ол Астананың қарқынды дамып келе жатқанын және Қазақстанның бас қаласы екендігіне айрықша тоқталды.

Болат Нүсіпов, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Бүгін көптеген қонақтар келіп, бізді құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Мұнда саясаткерлер, кәсіпкерлер, беделді ортаның адамдары да болды. Астанамыз қарқынды дамып келе жатқанын, халықаралық саясаттың орталығына айналғандығын мақтан тұтамыз. Неміс кәсіпкерлеріне қарап, елімізге деген шет елдік инвесторлардың сұранысын байқауға болады.

Берері мол басқосу мерекелік концертпен жалғасты. Германия астанасында елордамыз туралы танымал әндер шырқалды. Әр түрлі тілдегі композициялар көрермендердің көңілінен шықты.

Неміс саясаткерлері мен дипломаттары бас қалаға ізгі тілектерін арнады. Олардың айтуынша, Астана - әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан әлемдік астаналардың бірі ретінде брендке айналған  бірегей шаһар. ЕҚЫҰ самммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Сириядағы жағдайды тұрақтандыру бойынша бейбіт келіссөздер. Сарапшылардың пікірінше, еліміздің халықаралық аренадағы маңызды рөлі жыл санап артып келеді.

Михаэль Зиберт, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы:

- Астанада алғаш рет 2 жыл бұрын болдым. Осыншама қысқа уақыт ішінде  бой көтерген  заманауи қаланың архитектурасын көріп таң қалдым. Сіздерді Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Еуразияның орталығы ретінде дамып, өрлей беріңіздер. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы серіктестіктің түрлі салада нығайып келе жатқандығын айта кеткім келеді. 

Шара соңында қонақтардың назарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Неміс тұрғындары қуырдақ пен бауырсақтың дәмін татты. Сондай-ақ Германияда білім алып жатқан отандастарымыз да емтихандарына қарамастан Астананы құттықтауға арнайы келіп қайтты.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы