356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығы қарсаңында елордаға 200-ге жуық сарапшы келді

  • Read 181 times
Астананың 20 жылдығы қарсаңында елордаға 200-ге жуық сарапшы келді

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарасаңында елордаға 200-ге жуық сарапшы келді.

Олар «Астана - бейбітшілік пен келісім орталығы» тақырыбында алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысады. Екі күн бойы жалғасатын шара бүгін басталды. Олар қоғамда маңызы бар ғылым, ай-ти, өнер мен саясат, экономиканы және халықаралық қатынастарды жақсартуға бағытталған жобаларымен бөлісіп, үздік тәжірибесімен алмасады. Сондай-ақ көптеген ұлттың өкілі мекендеген қазақ елінің татулық пен тұрақтылықты орнатудағы тәжірибесімен танысады. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Конференцияға шет елдерден жас балалар да келген. Олар бейбітшілікті суретпен бейнелейді. Халықаралық шараны өткізуге Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен Тұңғыш президент - Елбасы қоры жетекшілік жасаған.

Әлкей Марғұлан, ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қоры, халықаралық бөлімінің басшысы:

- Мұндай үлкен дәрежедегі сарапшылардың пікір алмасуы жастарды тәрбиелеуші өнертанушы, мәдениеттанушы адамдардың өзіне керек. Яғни біз тек қана жастарды өсіру, жастарды тәрбиелеу деген мәселеге кешенді түрде қарайтын болсақ, ол жастарға ғана жағдай жасап қою ғана емес. Оны тәрбиелейтін мамандардың оны тәрбиелейтін біздің қоғамның негізгі мамандарын, эксперттерін ортақ ой бөлісу, басқа да озық, үздік тәжірибелерден біліп отыру.

back to top
Хабар 24 телеарнасы