352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астана өзін халықаралық ынтымақтастық орталық ретінде таныта білді

  • Read 164 times
  • Media
Сарапшы: Астана өзін халықаралық ынтымақтастық орталық ретінде таныта білді

20 жыл ішінде Астана аймақтық және ғаламдық дипломатия, халықаралық ынтымақтастық пен интеграция орталығы ретінде өзін таныта білді.

Словакиялық дипломаттар елордаға осындай жоғары баға берді. Словакия-Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы Петер Марчек Астананы урбанистік жобаның жетістікке жеткен үлгісі деп есептейді.

Петер Марчек, Словакия-Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі:

– Басқа мемлекеттер Қазақстаннан үлгі алу керек деп санаймын. Маған Астана, жалпы мемлекет пен онда тұратын халық қатты ұнайды. Қаладағы салынып жатқан пәтердің көптігіне таңғалдым. Қазақстанға Еуразия кеңістігінің көшбасшысы болуына тілектеспін.

Патриция Жачикова, ЕХРО 2017 көрмесіндегі Словакияның бас комиссары:

– Астана – жас қала, инфрақұрылымы керемет. Астанада тұратын жастар қаланың дамуына атсалысып жатқандарын мақтан тұтады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы