359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде халықаралық жастар форумы өтіп жатыр

  • Read 228 times
  • Media
Ақтөбеде халықаралық жастар форумы өтіп жатыр

Ақтөбеде халықаралық жастар форумы өтуде.

«Астана! Жастар! Болашақ!» деп аталған форум елорданың 20 жылдығына арналып отыр. Мақсат - саясат, экономика, кәсіпкерлік және азаматтық бастамалармен айналысатын жастарға бағыт-бағдар беріп, өзара тәжірибе алмасу. Белсенді жастардың басын қосқан жиынға көршілес Орынбор мен Башқұртстаннан арнайы делегация келді. Одан бөлек Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының белсенді жастары қатысып жатыр. Форум кезінде әртүрлі тақырыпта семинарлар мен тренингтер өтеді. «Қоғам дамуының демократиялық қағидалары», «Менің жетістігім - менің елімнің жетістігі», «Бизнесті нольден бастау» деген тақырыптар қамтылады. Жастардың алдында білікті мамандар дәріс оқиды.

Жанна Қадырова, «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қорының директоры:

- Форумның екінші күнін жеке тұлғаның дамуы мен өсуі тақырыбына арнаймыз. Тимбилдинг ұйымдастырып, жастардың бойында көшбасшылық қасиетті қалыптастыруға тырысамыз. Одан бөлек әлеуметтік желілер мен медиакеңістік турасында әңгіме айтамыз. Яғни пікірталас пен ойбөлісу түрінде өтеді.

Нұрсұлтан Досекешов, форумға қатысушы:

- Негізінен қазіргі кезде 100 шақты қатысушы бар. Сол 3 командаға бөліген. Сол 3 команда әртүрлі қызықты тренингтер өткізу арқылы ораторлық қабілеттерін арттыруға толық мүміндігі бар. Ал басқалары мысалы, бір командада ұжым болып жасауға, бұл кез келген жас енді қалыптасып жатқан кезде мол септігін тигізеді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы