361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: 5 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар

  • Read 308 times
  • Media
Астанаға 20 жыл: 5 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар astanaday.kz

Астана мерейтойында қала тұрғындары мен қонақтары қызықты шаралардың куәсі бола алады. Бүгінгі бағдарламаға сәйкес қаланың орталық алаңында мерекелік концерт пен көрме, жәрмеңкелер өтеді. Сонымен қатар театрландырылған көріністер, ән байқаулары, би фестивальдері мен қызықты жаңалықтарға толы баспасөз жиындары ұйымдастырылады.

Астананың мерейтойына орайластырылған мерекелік шаралардың шымылдығын поэзия жанры ашпақ. «Рухани жаңғыру» жолындағы Елбасының қолтаңбасы қойылған даналықтың ескерткіші – Абай» атты әдеби-шығармашылық кездесу Абай ескерткіші алаңында өтеді. Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығының мұрындық болуымен «Астана – Алаш арманы» атты тақырыптық көрме ашылады. Шараға сондай-ақ Павлодар облысының Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйытқы болады. Ал Мәскеудің «Недослов» театры ұсынғалы отырған «Бұл жерде құстар ән салмайды» спектаклі қалалық Оқушылар сарайында өтеді.

Арнұр Ысқақов, Aktiv Life мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бұл жерде 90 пайызы мүгедек адамдар, яғни сурдоаударма арқылы болады. Әрине, алғашқы спектакль, алғашқы қойылым болғаннан кейін 2 режиссеріміз болды. Бірақ өте бір керемет қойылым болайын деп тұр.

«Атамекен» этно-мемориалды кешенінде жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтеді. Салтанатты шара түскі сағат 12:00-ге жоспарланып отыр. Сондай-ақ қалалық Оқушылар сарайында Санкт-Петербор қаласындағы есту қабілеті нашар жандардан құралған өнер ұжымы «Петербургше махаббат» атты трагикомедиясын ұсынады. Олардың ізін жалғай кешқұрым Киев қаласының «Радуга» ым-ишарат театры «Орман феериясы» спектаклін қояды.

Арнұр Ысқақов, Aktiv Life мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Осы театрдың аясында арбадағы азаматтар, көзі көрмейтін азаматтарымыздың спектакльдерін қойсақ па деген ой бар. Менің ойымша, біздің жарамызды емдейтін – өнер және театр.

Мерекелік концерттер легі Жерұйық және Студенттер саябақтарында жалғасады. Кешқұрым International Street dance Session in Astana халықаралық көше биі фестивалі өтеді. Ырғаққа тербелген бишілер бәйгесін көрермен қауым қалалық алаңға келіп тамашалай алады. «Серпер» VІ республикалық қазақ халық аспаптар оркестрлері фестивалі Есілдің бойын тербетіп, арты «Күй керуен» атты концертке ұласады. Кешкі сағат сегізде «Байтерек» монументі алаңында «Астана самалы» ІХ халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалі бэнд-марафонмен қорытындыланбақ.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы