352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті

  • Read 202 times
  • Media
Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті

Оған АҚШ-та тұратын жерлестеріміз, дипломаттар мен Қазақстанда болған амеркалықтар қатысты.

Қазақстан елшілігінен басталған шеру Вашингтонның 20 көрікті жерін басып өтті. Арасында Ақ үй, Линкольн мемориалы, Капитолий мен өзге де қаланың белгілі нысандары бар. Шеруден кейін қатысушылар киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.   

Әмірхан Мукашев, АҚШ-тағы Қазақстан студенттері қауымдастығының президенті:

- Қазақстандықтарды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтаймыз. Астананың Еуразиямен қатар бүкіл әлемнің мәдени мен қаржы орталығына айналуын тілейміз. Жас астанамыз дамып, гүлдене берсін. Мұның бәріне Президентіміздің еңбегі арқасында жеттік. Оған алғысымыз шексіз. KazAlliance пен бүкіл студенттеріміздің атынан Астанаға мол бақыт тілеймін.

Жұлдыз Маратқызы:

- Астанамызға 20 жыл болды. Соны бәріміз тойлап келдік. Қазақстанымыз жасай берсін, Астанамыз гүлдене берсін, тәуелсіздігіміз мықты болсын.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы