359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Англикан шіркеуінің мүшесі мерейтоймен құттықтады

  • Read 114 times
  • Media
Англикан шіркеуінің мүшесі мерейтоймен құттықтады

Англикан шіркеуінің мүшесі, Бедфорд қаласының Епископы Ричард Уильям Брайант Аткинсон қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Елордаға тұрақты түрде келіп тұратын мәртебелі мейман шаһардың архитектуралық келбетін ерекше бағалайды. Епископ өзара сыйластық қасиеті негізге алынған Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты ғимараттардың орны ерекше екенін айтады.

Ричард Уильям Брайант Аткинсон, Бедфорд қаласының Епископы:

- Негізінде мен Астананы соңғы 9 жылдан бері білемін. Әрдайым дамып жатқандығына куә болып келем. Ол – шынымен де сәулеті әдемі заманауи қала. Мәселен, бейбітшілік пен келісім орталығына айналған пирамида. Меніңше, Астананың жаңадан салынып жатқан басқа қалаларға үлгі бола алатындығы қуантарлық жайт. Біріншіден, біршама жетістікке жеткен қалаға деген менің жүрекжарды лебіздерім мен құттықтауларымды жолдағым келеді. Англикан шіркеуі және Бедфорд қаласы Епископының ақ батасын қабыл алыңыздар. Осы күзде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуды асыға күтіп жүрмін.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы