352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда елорданың мерейтойына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды

  • Read 222 times
Алматыда елорданың мерейтойына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды

Астана тарихы – мұрағат құжаттарында.

Алматыдағы Президент архивінде елорданың 20 жылдығына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды. Алғаш рет мұрағатта сақтаулы тұрған тарихи суреттер мен құжаттардың көшірмелері енгізілген жинақ жарыққа шықты. Ал көрмеге келушілердің назарына тұпнұсқа құжаттар ұсынылды. Олардың қатарында Ақмола қаласын республика астанасы етіп жариялау туралы Президент жарлығы бар. Сондай-ақ қонақтар «Астана-Бәйтерек» монументін құру, 1997 жылы 21 сәуірде Президент Әкімшілігін Ақмола қаласына көшіру туралы өкімдердің мәтіндері мен бірегей суреттерді тамашалай алады. Жалпы, Президент архивінің қорында 800 мыңға жуық мемлекеттік маңызы бар құжат сақталған. 

Борис ЖАПАРОВ, ҚР Президенті Архивінің директоры:

- Бүгінгі көрмеде 160-қа жуық құжат көпшіліктің назарына қойылып отыр. Соңғы 20 жылдың ішінде біздің бас қаламыздың көркейіп, гүлденіп, бүгін бүкіл дүниеге танымал үлкен бір саясат, экономикалық орталық, мәдениет орталығы болу тарихын ашады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы