356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналған көрме ашылды

  • Read 161 times
  • Media
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналған көрме ашылды

Шараның ерекшелігі, жас суретшілердің еңбектеріне жан бітіп, көз алдыңызда қозғалады.

Шынайылыққа жақын мұндай көрме Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Ұлттық кітапханада «Өнер Place» жаңа мәдени кеңістігі пайда болды. Алғаш өткізіліп отырған шара суретшілердің Астананың қайталанбас кескінін бейнелеген туындыларына арналды.

Кристина Бекмұрзаева, жас суретшілер орталығының жетекшісі:

- Көрме, сан қырлы Астанамыз сияқты жан-жақты, түрлі бояуларға қанық болып шықты. Егер мән беріп қарасаңыз, бейнеленген экспозицияларда қаланың көшелері, кеңістік, бұрыш – бәрі қамтылған. Мұнда мәдени ортаны қалыптастыратын адамдар да бар.

Астана келбетін түрлі мектептің суретшілері классикалық кескіндеме граффити өнерімен бейнелеген. Сондықтан көрмеде әркім іздегенін таба алады. 16 арт нысанның қызықты тарихы мобильді қосымшаның көмегімен тіріліп, өнер тілінде сөйлей бастайды.

Алмас Нұрғожаев, суретші:

- Бұл жерде сериялық жұмыс деп айтса да болады. Гаджеттерді, телефондарыңызды қойсаңыздар, бұл жерде бейнелер қимылдайды. Бұл бәрімізді біріктіріп жатыр. Менің байқағаным, жастар көп. Жастар тартылып жатыр. Жастар – еліміздің болашағы. Сол себептен жастарға көп үміт артуға болады.

Көрмедегі суреттерден әр суретшінің өзіндік қолтаңбасы байқалады. Бұл ерекше туындыларды 28 қыркүйекке дейін тамашалауға болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы