363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік студенттер қолдан жасалған 20 қайықты өзенге жіберді

  • Read 142 times
Семейлік студенттер қолдан жасалған 20 қайықты өзенге жіберді

Семейлік жастар елорданың 20 жылдық мерейтойына арнап, «Семейден Астанаға сәлем!» атты ерекше шара өткізді.

Бір топ студент Ертістің жағалауына келіп, қолдан жасалған 20 қайықты өзенге жіберді. «Елдігімізді әлемге паш еткен ұлы даланың ордасына деген ізгі ниет, ақ тілегімізді осылайша символдық түрде жеткізуді жөн санадық», – дейді белсенділер. Жиналғандар Астана туралы ән айтып, жырдан шашу шашты.

Мират Рүстемұлы, қала тұрғыны:

- Неге қайықты таңдадық дегенге келсек, бұл қайықтың бәрі ақ. Яғни ол жететін жеріне жетпесе де, біздің шын ақ көңіліміз, ниетімізбен, армандарымызбен бірге кетті. Осылайша арман қаламызды туған күнімен құттықтайық деген ниетте болдық.

back to top
Хабар 24 телеарнасы