356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астана – бейбіт бастамаларды талқылайтын алаң

  • Read 140 times
Сарапшы: Астана – бейбіт бастамаларды талқылайтын алаң

Астана – экономикалық және саяси орталыққа айнала білген керемет шаһар.

Неміс Бундестагының депутаты Аксель Фишер осындай пікірде. Ол қазақстандықтарды елорданың 20 жылдығымен құттықтады. Саясаткер арнамызға берген сұхбаты барысында Қазақстан Президентінің бейбіт бастамаларын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, дәл Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары халықаралық дипломатияда Астананың рөлін арттырып келеді.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты:

– Жаңа астана салу туралы идеяны алғаш рет естігенімде, таңғалған едім. Астана қаласында үш рет болып, осы жоспар жүзеге асқанына көзім жетті. Бұл шаһарда барлығы түпкілікті ойластырылған. Ал әлемге өз көркін көрсеткен шара – жоғары деңгейде өткен ЕХРО халықаралық көрмесі болды. Сондай-ақ Астана – бейбіт бастамаларды талқылайтын алаң. Қазақстан Президентінің салған күш-жігері арқасында ол экономикалық және саяси орталыққа айналды. Мен шын жүректен қазақ халқын Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы