359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астана – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орталығы

  • Read 213 times
Сарапшы: Астана – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орталығы

Профессор, елорданың 20 жылдығына арналған «Астана: жұмбақ, сәулет және тағдыр» атты кітаптың авторы Франк Альбо Қазақстанның бас қаласын туған күнімен құттықтады.

Оның бұл еңбегі өткен жылдың мамырында жарық көріп, Канадада бестселлер мәртебесіне ие болып үлгерді. Альбоның ойынша, Астана – рухани келісім, бітімгершілік бастамалар және жасыл энергияның тұрақты дамуының жаһандық орталығы болып, әлем бойынша мойындалып отыр. Және кітаптың басты мақсаты – Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасу тарихын және оның маңыздылығын әлемдік қауымдастыққа кеңінен жеткізу.

Франк Альбо, «Астана: жұмбақ, сәулет және тағдыр» кітабының авторы:

– Астана – бұл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік орталығы. Менің ойымша, қаланың жаһандық тағдыры бар. Ал Астананың тағдыры өте жарқын. Қазақ елін елорданың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы