352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ким Иль Су: Астананың келбеті танымастай болып өзгерген

  • Read 147 times
  • Media
Ким Иль Су: Астананың келбеті танымастай болып өзгерген

Корея Республикасының бұрынғы елшісі Ким Иль Су Астана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең үлкен жетістіктерінің бірі деген пікірде.

Дипломат біздің елде қызмет атқарған тұста Оңтүстік Корея елшілігін Алматыдан Астанаға көшіруге атсалысқан. Ол елордада бір жыл ғана тұрса да «танымастай болып өзгерген қала келбеті есімде жақсы сақталды» деп отыр. Ким Иль Судың айтуынша, барша қазақстандықтардың елордасы Астана Қазақстан дамуының басты көрсеткіші.

Ким Иль Су, Қазақстандағы Корея Республикасының елшісі /2005-2009/: 

- Қырық үш градус қақап тұрған қыстағы сол күн қазірге дейін өмірімнің ең суық кезі. Президенттің шешімінсіз елорданың Алматыдан Астанаға көшуі мүмкін болмас еді. Өз уақытында бұл пікірмен келіспегендер де болған. Менің ойымша, бұл Қазақстан президентінің айрықша жетістігі.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы