352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда мерейтойына орай 20 қазан палау тегін таратылады

  • Read 202 times
Елорда мерейтойына орай 20 қазан палау тегін таратылады

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған тың тосынсый.

6 шілде күні сағат 12:00-де «Студенттік» саябағында, Қажымуқан 7/1 көшесінде Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Қазақстан Студенттер Альянсымен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің колдауымен «ПАУЛАУ PАRTY»: Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Іс-шара шеңберінде аталған алаңда 4000 адамға арналған 20 қазанда палау даярланады. Қаладағы балалар, қарттар және мүгедектер уйлеріне арнайы палау жіберу жоспарланған.

Сонымен бірге Астанада 6 шілде күні туған 20 сәбиге сыйлықтар табыс етіледі. Іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенко, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, ҚР Мәжілісінің Сенат және Парламенті депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, қонақтар мен қала тұрғындары қатысады. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қоғамдық санасын жаңғырту, этносаралық келісімді және ұлттық бірлікті насихаттау. Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтау, Елбасыға жаңа елорданы құрғаны үшін ризашылықты және бүкіл Қазақстан халқына бейбітшілік пен келісімді дамытқаны үшін алғыс білдіру. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан өзбектерінің мәдениеті, өнері, тарихи мұрасы, шығыс қонақжайлығы және ұлттық тағам палауды дайындауымен танысуға мүмкіндік алады.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

back to top
Хабар 24 телеарнасы