352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік фотографтар елорда мерейтойына тарту жасады

  • Read 126 times
  • Media
Әлемдік фотографтар елорда мерейтойына тарту жасады

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасады.

Бір ай бойы Малайзия, Словакия, Германия, Түркия, Франция, Индонезия, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің 12 фотоөнер шебері елордамызды суретке түсіріп, үздік еңбектерін «Нұржол» желек-жолында көпшілік назарына ұсынды. Бұл көрме шілденің 4-і мен 31-і аралығында өтетін «Aстана Эр-аунд аз»  фестивалі аясында ұйымдастырылады. Шараның мақсаты Астананың сәулетіне қоғам назарын аударып, елімізде фотосурет өнерін дамыту. Сондай-ақ бұл фестиваль  фотографтардың өзара танысып, ынтымақтастық орнату алаңына айналды.

Данай Пернебайұлы, қала қонағы:

- Шымкент қаласынан келіп отырмыз. Выставканы аралып шықтық. Таза суреттер, картиналар ұнады. Осындай жерлер картиналар көп болса екен, жастар осыдан үлгі алса, жақсы болар еді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы