356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехиялық профессор елорда мерейтойына ақ тілегін жолдады

  • Read 117 times
Чехиялық профессор елорда мерейтойына ақ тілегін жолдады

Астананың 20 жылдығына орай әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр.

Өздерінің ізгі тілектерін Чехия Сауда-өнеркәсіптік палатасы басқармасының төрағасы Франтишек Масопуст және Прага университеті халықаралық қатынастар жоғары мектебінің профессоры Ян Кэмпбелл жеткізді. Профессордың айтуынша, 20 жыл бұрын құрылысы басталған шаһардың жаңа әлем келбетіне айналатындығына ешкім сенбеген. Ал бүгінде Астана – батыл идеялардың жүзеге асқан қаласы. «Ол алдымен Қазақстан Президентінің ерен еңбегінің арқасы», - дейді.

Ян Кэмпбэлл, Прага университеті халықаралық қатынастар жоғары мектебінің профессоры:

- Менің бар тілегім Қазақстан және өзге мемлекеттер бейбіт әлем құру жолында еңбек етуден таймаса екен. Себебі бейбіт өмірсіз басқаны елестету мүмкін емес. Осы тұрғыда Президент Назарбаевқа батыл бастамалары үшін тек алғыс білдіргім келеді.

Франтишек Масопуст, Чехия Сауда-өнеркәсіптік палатасы басқармасының төрағасы:

- Менің ойымша Қазақстан қадам емес, үлкен серпін жасаған мемлекет. Чехия мен Қазақстан өзара шекараны ашу үдерісін екі жақты қолдайды деп үміттенемін. Біз үшін сіздің мемлекет - болашақтың кепілі.

back to top
Хабар 24 телеарнасы