352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада заманауи этникалық музыка фестивалі басталды

  • Read 219 times
  • Media
Астанада заманауи этникалық музыка фестивалі басталды Sputnik Казахстан

The Spirit of Astana этно-фестивалі – елорда күніне орай ұйымдастырылған еркше шара.

Қала әкімдігі мерекелік бағдарламалардың аңдатпасын жариялағанда, нақ осы фестивальді шоу болады деп жарна жасаған болатын.

Шараның басталғанына бірер минут ғана уақыт өтті. Соның өзінде Есілдің сол жағалауын шулатып жатқанымызды ескерсек, шынымен шоу болатынға ұқсайды. Этникалық музыка фестивалінің бүгін алғашқы күні. Шымылдығын түру өзбек ағайындарға бұйырыпты. Нақтырақ айтсам, Өзбекстаннан келген «Аббос» атты шығармашылық ұжым. Дәл осы минуттарда Астана аспанында өзбек әуендері қалықтады. Халық аспаптарының үні этникалық музыканы сүйетін көрерменнің құлақ құрышын қандыруда. «Аббос» тобының мүшелерімен эфирге дейін сахна сыртында сұхбаттасып көрген болатынбыз. Сол әңгімеден білгеніміз, бұл топ дәстүрлі музыка аспаптарын эстрадалық бағытта қолданған алғашқы ұжым көрінеді. Топ АҚШ, Германия, Франция, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктерінің сахнасы бағындырған.

Авторы: Мәншүк Мақсұтқызы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы