363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жас өрендер сурет салудан байқауға қатысты

  • Read 189 times
Семейде жас өрендер сурет салудан байқауға қатысты

Семейде де елорданың туған күні бірнеше айшықты шарамен атап өтілді.

Орталық саябақта жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашса, жас өрендер асфальтқа сурет салудан өткен байқауға қатысты. Қиялы жүйрік балдырғандар «Бәйтерек», «Хан Шатыр» сияқты ғимараттарды бейнелеп, ашық аспан, бейбіт күнді суреттеді. Астананың құрдастары да бас қосып, танымдық шараларға атсалысты. 1998 жылы дүниеге келген 20 жас азамат – қаладағы әртүрлі оқу орындарының үздік деген студенттері. Олар өлкетану мұражайындағы елорда тарихына арналған көрмені өзгелерге әңгімелеп, Астана туралы қызықты деректермен бөлісті.

Ләйлім Құрманғали, университет студенті:                              

- ТМД елдерінде жалғыз ең жас астана болғандықтан, осындай жас Астананы көріп, сонымен бірге көркею бізге өте үлкен мақтаныш! Себебі Астанада күнделікті бір жаңа ғимарат тұрғызылады. Барып тұрған кезде біз Астананың танымастай өзгеріп отырғанына көз жеткіземіз. Сондықтан – Астана біздің мақтанышымыз!

back to top
Хабар 24 телеарнасы