359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде аквапарк пайдалануға берілді

  • Read 482 times
Ақтөбеде аквапарк пайдалануға берілді

Астана күні Ақтөбеде тұңғыш аквапарк халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қалада бұрын мұндай демалыс орны болған жоқ. Тұңғыш Президент атындағы саябақ аумағында орналасқан паркте 3 ашық бассейн бар. Одан бөлек ойын алаңдары мен жағажай орналасқан. Инвестор алып кешенді салуға 6 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Астананың туған күнінде жасалған сыйды ақтөбеліктер жоғары бағалады. Нысан жыл бойы жұмыс істеп, күніне 600 адамды қабылдауға қауқарлы. Жалпы, мереке күні облыста құны 10 млрд теңге болатын 30 нысан пайдалануға берілді. Оның біразы аудан орталықтарында орналасқан. Осы жылдар ішінде Астана қалай өссе, өндірісті қала Ақтөбе де қатар дамыды. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асты.

Светлана Айтбаева, қала тұрғыны:

- Ақтөбе қаласында көптен күткен нысан еді. Соған бүгін қала халқы ризамыз. Қарапайым ана ретінде балаларымды әкеліп, көрсетемін деп отырмын. Тіпті, қарасаңыз, барлық жағдай жасалып тұр. Ақтөбенің туризм орталығы болуға әбден мүмкіндігі бар.

back to top
Хабар 24 телеарнасы