359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер Астана күнін ерекше қарсы алды

  • Read 195 times
  • Media
Өскемендіктер Астана күнін ерекше қарсы алды

«Ел жүрегі – Астана!» 

Өскемендіктер елордамыздың туған күнін осындай ұранмен атап өтіп жатыр. Шаһарда бүгін таңнан бері спорттық-мәдени шаралар реті толастаған жоқ. Аспаны ән мен жырға бөленген қала тұрғындарының көңіл-күйлері де ерекше.

Есіл бойында бой көтерген елордамыздың мерейтойы құтты болсын. Шынымен де бүгінгі мерекені қаламыздың велоспортшылары бастады.

Жасөспірім спортшылар Астананың 20 жылдығына орай велоспорттан өткізілген қала біріншілігіне қатысты. 12-17 жас аралығындағы 40 велосипедші 2-4 шақырымдық кедергілерге толы қашықтықта жүріп өтті. Айта кету керек, біздің қаламызда веложолақтарға ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан аталған спорт түрі де қарқынды дамып келеді, қазір Өскеменде 100-ден астам кәсіби велоспортшы тәрбиеленіп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де елорданы ерекше ықыласпен құттықтап, концерттік бағдарламаларын арнады. Этномәдени бірлестік ұжымдары өнерлерін ортаға салып, қала жұртына ерекше көңіл сыйлады. Кішкентай өскемендіктер де Астананың туған күніне деген ыстық ықыластарын ән-жырларымен, салған суреттерімен жеткізді.

Ал ең басты шара осы мен тұрған Нұрлы жол паркінде өтіп жатыр. Қазір саябақ іші адамға лық толы. Облыс өнерпаздары мен  елімізге танымал эстарда жұлдыздары сахнаға төріне шығып, ән-жырдан шашу шашуда.

Иә, әрине, салтанатты сәттерін Астананың туған күнімен әрлегісі келгендер біздің қаламызда да баршылық. Бүгін де бірнеше жұп осы күні ақ некесін қиды.

Солардың ішінде Еркебұлан мен Алина да бар. Екі жастың екеуі де грантпен оқиды. Екеуі де болашақ химиктер, ең бастысы, олар Астананың құрдастары. Мінеки, енді үлкен өмірге бірге аяқ басып, Астананың туған күнінде жүзік алмасты, жұптасты.

Жамақышевтар отбасы:

Елорданың туған күні ақ некемізді қиып жатқанымызға ерекше қуанып, ерекше толқып тұрмыз. Астана өсе берсін, өркендей берсін, әлемді мойындата берсін. Қашан да біз Астанамызбен мақтанамыз. Астана туған күні құтты болсын!

Біз де бұл жастарға бақытты ғұмыр тілейміз. Айшықты Астанамен бірге қарыштай берсін. Мінеки, елордамыздың туған күні Алтай төрінде осылай аталып өтіп жатыр.

Авторы: Эльмира Ахметова

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы