352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мерекелік іс-шаралар «Астана – бас қала» атты концертпен қорытындыланады

  • Read 212 times
  • Media
Алматыда мерекелік іс-шаралар «Астана – бас қала» атты концертпен қорытындыланады

Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған шаралар Алматыда 1 шілдеде басталып кеткен.

Бүгін де қаланың бірнеше мәдени орталығында асқақ Астананың мерейін асыратын түрлі ойын-сауық, думанға толы бағдарламалар ұйымдастырылды. Мерекелік кешті эстрада әншілерінің қатысуымен өтетін «Астана – бас қала» атты концерт қорытындылайды.

Қала тұрғындарының мереке сайын бас қосатын орнына айналған қайта жаңарған Жібек жолы мен Панфилов көшесінің бойы бүгін де мерекелік тосынсыйға толы болды. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концертімен басталған мерекелік шара құрақ көрпе тігуден шеберлік сабақтары мен балалар шығармашылығына ұласты.

Санат Исаев, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі:

- Қаламыз күннен-күнге өсіп жатыр. Ол әр қазақтың жүрегі деп ойлаймын. Өнеріміз алға дами берсін. Қазақстың дәстүрлі өнері дамысын. Кеше ғана Ұлттық домбыра күні деп белгілеп жатыр. Оның өзі бізге үлкен серпіліс беріп жатыр.

Сымбат Құдабаева, қала тұрғыны:

- Барша қазақстандықтарды осы Астананың 20 жылдығымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Әр жыл сайын біз отбасымызбен Астанада боламыз. Ол өте әсем қала. Жастардың қаласы.

Астана бүгінде сәулетімен ғана танымал емес, әлемдік саясаттың, экономика мен мәдениеттің алаңына айналды. Жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өскен елорданы әр отандасымыз мақтан етеді. 

Лаки Кесоглу, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

- Астанаға барған сайын осынша әдемілікті қалай жасауға болады деп таңғаламын. Біз қазір ең керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осындай Астанамыз бар екенін мақтан етуіміз керек. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын.

Гүлнар Сапарғалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Астанада маусым айының ортасында болып келдім. 10 күнге. Ол кезде «Самғау» атты халықаралық театр фестивалі өтті. Астананы аралап өтуге тырыстым. Сонда көзімнің жеткені Астана күн сайын емес, сағат сайын өсіп жатқанына көңілім марқайып, өте жоғары дәрежеде мақтан тұтатындай жағдайда келдім.

Сарыарқаның төріндегі бейбітшілік бесігі болған Астананың мерейтойына арналған Алматыдағы мерекелік шара отшашумен қорытындыланады. Ал 8 шілдеде мерекелік веложарыс пен «Шымбұлақ – Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы ұйымдастырылады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы