352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ерекше көрме ашылды

  • Read 195 times
  • Media
Астанада ерекше көрме ашылды

Ұлттық мұражайда АҚШ-тың жеке коллекцияларының бірегей көрмесі ашылды.

Экспозицияға 19-20 ғасырдағы танымал орыс суретшілерінің туындылары қойылған. Олардың қатарында Илья Репин, Константин Коровин, Наталья Гончарова және Борис Григорьевтің шығармалары бар. Елімізде екінші мәрте өткізіліп жатқан көрмені Мәдениет және спорт министрлігі мен Орыс-америкалық қор ұйымдастырған. Өз кезегінде көрермендер белгілі орыс суретшілерінің сирек ұсынылатын үздік туындыларын тамашалай алады. Сондай-ақ ғасырлар тоғысындағы кескіндеме мектебінің даму сатысымен танысуға мүмкіндік алады. Көрме үшінші қазанға дейін жалғасады.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ең біріншіден, өзімді де, сіздерді де Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Елбасымызға осы орданы жасап, салып, дизайнды жасап бергені үшін мың да бір рақмет. Халқымыз Президентіміздің еңбегін мыңжылдықта да ұмытпайды.

Марина Ковалева, Орыс-америкалық қор президенті:

- Бүгінгі көрме тек қана Қазақстан үшін ғана емес, әлем елдері үшін де біргей шара саналады. Мұндағы басты мақсатымыз – 19-20 ғасырдағы шеберлердің туындыларымен таныстырып, көрерменді ерекше әсерге бөлеу. Суретшілердің басым бөлігі шетелде өмір сүргенімен, өз елімен байланысты үзген емес. Әрбір туынды туған жерден сыр шертеді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы