369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік цирк жұлдыздары елорда сахнасында

  • Read 173 times
  • Media
Әлемдік цирк жұлдыздары елорда сахнасында

Өзге елдерде цирк өнері тоқырап жатқанда, Қазақстанда қайта даму үрдісі байқалады.

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестиваліне келген шетелдік мамандар осындай баға берді. Дәстүрлі байқауға биыл 13 мемлекеттің үздік деген әртістері қатысып отыр. Олардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалі биыл Астанада 11-жыл қатарынан өткізіліп отыр. Осы аралықта әлемдік маңызға ие шараға айналып үлгірді. Америка, Франция, Италия, Монако сияқты елдерден  цирк өнері майталмандарының фестивальге арнайы келуі сол сөзімізге дәлел. Баспасөз мәслихатында олар бірауыздан Қазақстанда бұл өнер түрі жоғары қарқында даму үстінде екендігін атап өтті.

Урс Пилс, Монте-Карлодағы халықаралық цирк өнері фестивалінің вице-президенті:

- Қазақстандық әртістер қазір халықаралық аренада абырой-беделге ие. Сіздердегі цирк деңгейін Канада, Қытай сияқты ірі елдердің қатарына қоюға болады деп нық сеніммен айта аламын.

Еуропа елдерінің өкілдері Қазақстандағы мәдениет саласындағы игі өзгерістерге қызығушылығын жасырған жоқ. Біздің әртістердің кәсіби шеберліктеріне де олар тәнті. 

Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

- Қытайдан, Америкадан келіп, неге қазақ әртістерін алып кетеді. Олар капиталистік елдер, олар жай адамдарды алмайды. Сондықтан қазақ циркінің, біздің Қазақстандағы Алматы, Шымкент, Астана секілді қалалардан әртістердің ұзын-саны 30-40-ы шетелдерде жұмыс істеп жатыр. Бұның өзі үлкен бір деңгей.

9 шілдеге дейін жалғасатын халықаралық фестивальде 13 мемлекеттің 60-тан астам цирк жұлдызы өз өнерлерін көрсетеді. Әуе гимнастары, клондар мен иллюзианистер астаналықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлары анық.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы