352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда мерейтойына арналған мерекелік шаралар демалыс күндері жалғасады

  • Read 257 times
  • Media
Елорда мерейтойына арналған мерекелік шаралар демалыс күндері жалғасады

Бас шаһарымыздың 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар демалыс күндері де жалғасады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына  концерттік бағдарламаларды ұсынады. 

Жастар сарайында «Астана шеруі» атты көпжанрлы байқау өтеді. Оған еліміздің әрбір аймағынан келген жас өнерпаздар қатысады. Ал Жерұйық саябағында «Елорда жүрегімде» концерті ұйымдастырылмақ.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Шаралардың барлығы қазіргі таңда да өтіп жатыр. Серпер атты фестиваліміз. Астана самалы атты фестиваліміз.Нұржол бульвары жылда-жылда үлкен шаралар өткізетін маңызды алаңның бірі. Биыл сол алаңда халықаралық фотокөрме өткізіледі. «Астана айран таус» фестивалі. Бұл фестиваль шілденің 31-іне дейін жалғасады. Сондықтан әрине оны да келіп тамашалауға болады.

Өз кезегінде италиялық өнерпаздар да Астанаға тарту жасамақ. Джаз жанрында өнер көрсететін топ 20 жылдық мерейтойға арнайы келген. Ал «Астана Опера» театры көрермен назарына «Корсар» балетін ұсынады. «Махаббат пен зұлымдыққа толы драмалық оқиға көпшілікті ерекше әсерге бөлейді» дейді балет труппасының педагогы Елена Шерстнева.

Елена Шерстнева, «Астана Опера» театры балет труппасының педагогы:

- Ел тарихындағы елеулі кезеңде сахна төрінде өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Бұл қойылым көрерменнің көңіл-күйін көтеріп, мерекенің көркін қыздырады деп ойлаймын. Осы туындыны Астананың туған күніне тарту ретінде жасай отыра, еліміздің жарқын болашағына сенім білдіреміз.

Ал 8 шілде күні «Bravissimo» атты IV халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі басталады. Бүлдіршіндердің өнерін «Жастар» сарайында тамашалауға болады. Сондай-ақ, «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалі де жалғасады.

Ерік Жолжақсынов, қалалық цирк директоры:

- Фестивальге жыл сайын жаңа номерлер шақырамыз. Таңқалдыратынымыз өмірі шақырып, келтіре алмайтын Монте-Карлоның вице-президенті келе жатыр. Вьетнам, Никарагуа, Эфиопия, мына өзіміздің ТМД-ның бүкіл жұлдыздарын шақырып отырмыз. Сондықтан бүгінгі 20 жылдыққа арналған фестиваліміз ерекше болады, өйткені болмаған номерлер.

Сондай-ақ демалыс күндері қалалық саябақтарда «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және асық ату сынды додаларда бақ сынайды.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Ермек Кеншімбек

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы