356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада комедия театры ашылды

  • Read 250 times
Астанада комедия театры ашылды

Астананың 20 жылдығына орай елордада комедия театры ашылды.

NOMAD CITY HALL деп аталатын жаңа әзіл-сықақ ордасы «Әзіл әлемі», «Назар аудар» театрлары мен «КТА» көңілді тапқырлар алаңын, бас-аяғы 42 әртісті өзіне біріктіріп отыр. Оның көркемдік жетекшісі әрі директоры – белгілі әзілкеш, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Қалалық әкімдіктің еншісіне кірген орталықта концерттерден бөлек, КВН ойындары, мектеп оқушылары, колледждер мен университет студенттері арасында турнирлер өтеді. Ал қойылымдар мұнда аптасына бірнеше рет сахналанбақ.

Айта кету керек, бұл қара шаңыраққа ЭКСПО аумағындағы ғимараттардың бірі берілді.

Тұрсынбек Қабатов, NOMAD CITY HALL театрының директоры:

- Бұл жерді, шыны керек, қазақ театры қылғысы келді. Бірақ бұл жердің орналасуы мен ішіндегі құрылымы қазақ театрына келмеді. Өйткені бұл үлкен ғимарат емес. Шағын ғана. Бұл жердегі көрерменнің саны да 850 орындық. Одан әрі қарай Жастар театрына ұсынды. Театрларға келмеді. Айналып келгенде, бұл орталық комедия театры, әзіл-сықақ театры, КВН ойындары бар, Жастар орталығына айналдыру мақсат болды.

back to top
Хабар 24 телеарнасы