352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығы Беларусь елінде атап өтілді

  • Read 158 times
Астананың 20 жылдығы Беларусь елінде атап өтілді

Бас қала күніне орайластырылған мерекелік шараны еліміздің елшілігі ұйымдастырған.

Оған қазақстандық диаспора және елшілік өкілдерімен қатар Минск қаласының лауазымды түлғалары мен министрлік өкілдері де қатысқан. Шаһар саябақтарында түрлі шаралар өткізіліп, жергілікті телеарналарда құттықтау сөздері айтылды. Сонымен қатар Беларусьтегі Қазақстан елшілігі жанында салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Германия, Ресей, Армения және Ұлыбритания елшілігінің өкілдері де қазақстандықтарды мерекемен құттықтауға келді.

Айта кетейік, жақын күндері басқа халықтар да Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтайтын болады. Мысалы, Витебск қаласында «Славян базары» деп аталатын өлең сайысы ашылады. Онда жарыстың бір күні Қазақстан тақырыбына арналмақ.

Ермұхамет Ертісбаев, ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Астана күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған шараға барлық елшілер, мемлекеттік органдардың өкілдері келді. Бұл – Қазақстан халқы үшін өте маңызды күндердің бірі. 20 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы сайын Сарыарқа төсіне көшіруі тарихи шешім болды. 

back to top
Хабар 24 телеарнасы