352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық танымал дизайнер қазақстандықтарды Астана мерейтойымен құттықтады

  • Read 189 times
Оңтүстіккореялық танымал дизайнер қазақстандықтарды Астана мерейтойымен құттықтады

Астана – Орталық Азиядағы Дубай іспетті.

Оңтүстіккореялық Ча Джун Хоның пікірі осы. Хоның компаниясы Қазақстан ұлттық мұражайының дизайнымен, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіндегі бірқатар павильонмен жұмыс жасаған. Дизайнер Астана қаласында 3 жыл болған. Ча Джун Хо қазақ елінің елордасы Еуропа мен Азияның мәдениетін үйлесімділікте ұстап отыр деп біледі. Оның қаладағы ең сүйікті орны – Хан-шатыр сауда орталығы. ЭКСПО көрмесінде Қазақстанның жасыл энергия өндіруге күш-қуаты жеткілікті әрі Қазақстанның басты бағыты адам капиталы екеніне дизайнердің әбден көзі жеткен.

Ча Джун Хо, дизайнер:

– Астанада өзімді Дубайда жүргендей сезіндім. Мұндай әсем қала 1998 жылы бой көтергенін естідім. Аз уақытта осынша көп ғимараттардың салынғаны мені қатты таң қалдырды. Қазақстан Азия мемлекеті болса да, мұнда Еуропа мен Азия мәдениеті өзара үйлесімділік тапқан. Астананы 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Астананың күш-қуаты мен алар белесі әлі алда.

back to top
Хабар 24 телеарнасы