352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латвия депутаты елорда мерейтойына орай жылы лебізін жолдады

  • Read 152 times
Латвия депутаты елорда мерейтойына орай жылы лебізін жолдады

Қазақстанның Астанасы - көне шығыс даналығы мен соңғы заманауи технологияны ұштастырған бірден бір қала.

20 жылдың ішінде Астана республиканың экономикалық, саяси және мәдени өмірінің оралығына айналып үлгерді. Рига думасының депутаты Максим Толстой осындай пікірде. Оның айтуынша, Латвия мен Қазақстан астаналарын өзара ұзақ уақыттан бергі серіктестік қарым-қатынас пен берік достық біріктіріп келеді.

Максим Толстой, Рига думасының депутаты:

- Рига мен Астана - ағайынды қалалар. Біздің арамызда серіктестік туралы келісімдер бар. Өзара бизнес және ресми делегаттармен алмасып тұрамыз. Дамудың даңғыл жолын бірге талқылап, жоспарлаймыз. Әсіресе Астананың Рига сияқты ежелгі қаладан алатыны жетерлік, әрі оның да жаңа қала Астанадан үйренетіні мол. Бұл - айрықша оқиға. Біз 20 жыл ішінде жазық далада жас қаланың салынғанын көрдік, әрі қарай да шаһардың замануи даму үрдісі жалғаса берсін.

back to top
Хабар 24 телеарнасы