356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анкарада елорданың 20 жылдығына орай ресми қабылдау өтті

  • Read 151 times
  • Media
Анкарада елорданың 20 жылдығына орай ресми қабылдау өтті

Түркияның бас қаласы Анкарада Астананың 20 жылдығына орай ресми қабылдау өтті.

Шараға түрік елінің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен іскер топ өкілдері, сонымен қатар өнер және спорт саласының жұлдыздары қатысты. Жиылған көпшілікке елордамыздың тарихынан сыр шертетін бейнероликтер көрсетіліп, Астананың қазіргі саяси-экономикалық және мәдени өмірі кеңінен таныстырылды. Мінберге көтерілген түрік зиялылары «Жаңа шаһар сәулет өнерінің соңғы үлгілері бойынша бой көтеріп, оның заманауи келбеті дүйім жұртты таңқалдырып отыр. Бүгінде Астана – Орталық Азияның жарқыраған жұлдызына айналды», – деді.

Емрах Еркалп, баскетболшы:

– Астана тарих үшін қас қағым сәтте бой көтеріп, қазақ елінің басты ордасына айналды. Қаланың қазіргі инфрақұрылымдық, инвестициялық және демографиялық өсімі қуантып отыр. Деректерге көз жүгіртіп-ақ, бас қала күннен-күнге дамып, өсіп-өркендеп жатқанын аңғарамыз. Тұрғындарының саны 200 мыңнан 1 миллионға асып кетіпті. Демек, қаншама шаңырақ өз өмірлерін еңселі елордамен сабақтастырады. Мен барлық қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен және Қазақстан Президентінің туған күнімен құттықтаймын.

Ибрагим Жунусов, Қырғызстанның Түркиядағы елшісі:

– Астана – өсіп-өркендеп жатқан шаһар. Жастардың қаласына айналды. Мен Целиноград кезінде бардым, Ақмола кезінде де бардым, бірақ қазіргі Астанамен салыстыруға келмейді. Мұның барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі деп ойлаймын. Бұл еңбек бүгін ғана айтылмайды, жылдар өткеннен кейін, Астананың 100 жылдығында да айтылады. Бұл – үлкен жетістік.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы