352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астананың 20 қыры» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • Read 209 times
  • Media
«Астананың 20 қыры» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астананың 20 қыры. Елордамыздың басты айшықтары суреттелген байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Мультижанрлық жобаға 3 мыңнан аса туынды келіп түскен. Тіпті, ұйымдастырушылар қатысушылардың талап-тілектерін ескеріп, кейбір аталымдар бойынша шығармаларды қабылдау мерзімін 31-ші шілдеге дейін ұзартты. Игі шара туралы бастаманы қалалық әкімдік көтерген еді. 

Бір жарым айға созылған «Астананың 20 қыры» байқауы елорда тарихында бұрың-соңды болмаған шара. Оған еліміздің түкпір- түкпірінен   тіпті шетелден де адамдар қатысты. Жалпы саны 200-ден аса фотографтан 4 мыңға жуық фотосурет ұсынылды. Шара «Астана бояулары», «Астана әлем назарында», балалар шығармашылығы, «Спорт – саулық кепілі» сынды 13 аталым бойынша өтті.

Анар Садырова, байқау жеңімпазы:

- Астана қаласының тұрғындарын өткен мерекемен құттықтағым келеді. Және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Көп рахмет. 

Байқаудың ең жас қатысушысы үште. Яғни жас айырмашылығына қатысты шектеу қойылған жоқ. Мәселен, 350-ден аса бала өтінім білдірген. Олар өздерінің шығармалары арқылы елордаға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Ал «Public Аrt» номинациясы бойынша бақ сынағандар қаланы одан әрі көркейту жөнінде нақты ұсыныстарын айтты.

Нұрлан Әбішев, байқау жеңімпазы:

- Астананың 20 жылдығына мереке деген фонтан ұсындым.Ол деген Хан шатыр мен опера театрының ортасындағы  бос жерге орналасуы керек, егер іске асса. Осы конкурс өте маңызды. Неге десеңіз, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас талантты суретшілерге бұл деген мүмкіндік. 

Қатысушылар суретке жан бітіріп елорданың тарихы мен бүгінгі келбетін сипаттай білді. Көз жауын алатын шығармалар тиісінше бағаланып, байқау жеңімпаздары 50 мың мен 300 мың теңге аралығында сыйақы алды.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы