359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана жайлы халықаралық көрмеге 200-ге жуық туынды қойылды

  • Read 341 times
  • Media
Астана жайлы халықаралық көрмеге 200-ге жуық туынды қойылды

«Астана – фотографтардың көзімен».

Бүгін елордада халықаралық фотокөрме өтті. Оған отандық және шетелдік 20 кәсіби фотографтың 200-ге жуық туындысы қойылды. Олар бірнеше күн қатарынан бас шаһарды аралап, көрікті жерлерді суретке түсірген. Кей еңбектер әлеуметтік желіде кеңінен таралып, тұрғындардың қошеметіне бөленіп те үлгерді. Мәселен, Атырау облысының Астанаға тарту еткен көпірдің биіктіктен түсірілген суреті танымалдыққа ие болды. Оның авторы отандасымыз – Ерлан Омаров. Айтпақшы, қатысушылардың арасында Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян да бар. Ол Елбасыны кездейсоқ түсірген ерекше туындысымен көпшілікке белгілі.

Ерлан Омаров, кәсіби фотограф:

- Атырау облысының Астанаға сыйлаған әдемі көпірі бар. Сол көпір жоғарыдан да, төменнен де түсірілді. Бірақ барлығы мен түсірген сурет ерекше деп жатыр. Ашылып жатқан кезде өзім сол сәтті күтіп, сол көпірдің қасында 18 қабатты үй бар, соның үстіне шығып, сол суретті түсіру үшін күннің шығуын күтіп шатырдың үстінде 40-50 минуттай жүрдім.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы