359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық жастар Есілдің жағасында ән мен жырдан шашу шашты

  • Read 277 times
Елордалық жастар Есілдің жағасында ән мен жырдан шашу шашты

Республикалық жастар ұйымдары қосылып шығармашылық фестиваль өткізді.

Елорданың 20 жылдығына арналған «Жан жүрегім – Астана» атты шара Есілдің жағасында, ашық аспан астында ұйымдастырылған. Қоғамдық даму министрлігі бастап, жастар қолдаған шарада ән мен күй тыңдауға, тіпті қосылып шырқауға халықтың ықыласы ерекше болды. Бұл бастаманы отандық эстрада жұлдыздары да қолдаған.

Асхат Оралов, ҚР ҚДМ жастар саясаты департаментінің директоры:

- Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар мен азаматшалар бар, солар Астанаға арнап караоке форматында әндерін айтады, өнерлерін көрсетеді, кейбір жастарымыз Астанаға арнау жібереді, күй жазған, домбыра тартады. Сондықтан бұл фестиваль қала қонақтарына қызықты болады деп есептейміз.

back to top
Хабар 24 телеарнасы