369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Татарстанда Астананың 20 жылдығына арналған көрме өтуде

  • Read 223 times
Татарстанда Астананың 20 жылдығына арналған көрме өтуде

Астананың 20 жылдығына арналған көрме Татарстанның бас қаласы Қазанда өтіп жатыр.

«Дала тарихы» деген атпен белгілі бұл шарада 20 туынды көпшілік назарына ұсынылды. Суретші 20 жыл ішінде елордада өткен басты тарихи оқиғаларды бейнелеген. Көрме Татарстан халықтарының Достық үйінде өтіп жатыр. Оның авторы Ресей шығармашылық көркем-өнер шеберханасы академиясының өкілі – Альберт Шыныбаев. Ол Қазақстанда дүниеге келген. Автордың картиналары қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейді.

Альберт Шыныбаев, суретші:

– Өмірімнің біраз бөлігін Ресейде өткіздім. Бірақ Қазақстанның орны бөлек. Мен бұл елдің мәдениетін ерекше жақсы көремін. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатын жандар үшін таптырмас қазына деп білемін.

back to top
Хабар 24 телеарнасы