«Ақжайық» футбол клубы Астананың 20 жылдығына арналған спорттық акцияға қолдау білдірді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Ақжайық» футбол клубы Астананың 20 жылдығына арналған спорттық акцияға қолдау білдірді

  • 129

Оралдың «Ақжайық» футбол клубы Астананың 20 жылдығына арналған «Президенттік миль» атты спорттық акцияға қолдау танытты.

Жаппай жүгіру қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Жаттығудың алдында жергілікті футбол фристайлері Айболат Құбашев көпшілікке өз шеберлігін паш етті. Енді оралдық футболшылар қызылордалық «Қайсар» клубынан алған эстафетаны «Ақтөбе» футболшыларына тапсырмақ. «Спорт – адамдарды біріктіріп, олардың денсаулығын ғана емес, рухын да шыңдайды», – дейді сөз алғандар.

Александр Любимкин, облыстық футбол федерациясының жетекшісі:

– Біздің еліміз соңғы жылдары футболдан тәуір нәтижелерге қол жеткізе бастады. Дегенмен барлық жеңістер алда деп білемін. Келешекте қазақ футболшылары әлем біріншілігіне қатысып, Еуропа лигасында, Чемпиондар лигасында табысты өнер көрсетуіне тілектеспін.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде