352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Жетісу» саябағы 5 функционалдық бөліктерге бөлінген

  • Read 173 times
  • Media
Астанадағы «Жетісу» саябағы 5 функционалдық бөліктерге бөлінген

Астананың 20 жылдығына орай «Арай» саябағы жөндеуден өтті.

Қазір жаңарған саябақ «Жетісу» деп аталады. Оның өзіндік себебі бар. Алматы облысының тартуы ретінде салынған бақта Шарын шатқалы, Тамғалы петроглифтері сынды өңірдің құнды жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылып отыр. Құрылыс жұмыстарында заманауи технологиялар пайдаланылып, 700-ге жуық маман, 40-тан астам техника тартылды.

Бұл – Астанадағы жер жәнатты Жетісудың бір бөлігі. Алматы облысының көрікті жерлерінің барлығы бір саябақтың аумағында. Субұрқақ, ұзындығы 1,5 км болатын веложол мен жүгіру жолдары, ойын алаңдары қала тұрғындарының игілі үшін.

Жомарт Түбекбаев, тапсырыс беруші компания басшысының орынбасары:

- Бұл саябақ 14 гектар жерден тұрады, саябақ негізінен 5 функционалдық бөліктерге бөлінген, 1-ші – кәреберіс арка, 2-ші – автотұрақтар, 3-ші – демалатын орын, 4-ші – спорттық ойын орындары, 5-ші – танымдық тарихтық орындар. Шарын шатқалы, Таңбалы тас, Алматы апорты, Балқаш көлі, Алматының жеті өзені.

«Жетісу» саябағының әр бөлігі терең мағыналы. Әр мүсіннің өз айтары бар. Тіпті мына жолдың өзі Ұлы Жібек жолын бейнелейді. Жағалай орналасқан құрғақ субұрқақ келушілер үшін жаңалық болды. Ескі саябақты жаңарту, жаңғырту жұмыстарына бір жарым жыл уақыт кетті.

Алина Кешауова, қала тұрғыны:

- Осы саябақта маған әртүрлі балалардың жастарына арналған алаңдар ұнайды, содан кейін бұл жерде үлкен ағаштар өте көп.

Айта кетейік, елорданың 20 жылдығына орай келер жылдың шілдесіне дейін 20-ға жуық жаңа саябақ, аллея ашылады деп жоспарланған. Ал оның тең жартысы бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына есігін айқара ашты.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Мәншүк Мақсұтқызы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы