Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық дизайнерлер отандық киімнің неліктен қымбат екендігін түсіндірді

  • 457

«Отандық киім неге қымбат?»

Бірнеше сағат бұрын «Егемен Қазақстанда» осы тақырыпта мақала шықты. Тілші бұл орайда жеңіл өнеркәсіптің дамуымен бірге киім-кешек құнын да қосып жазыпты. Өзімізде тігілсе де, киеріміз қалтаны қағып алары ақиқат екендігін мақала авторы тілге тиек еткен. Киімнің неге қымбат екендігіне дизайнердің де жауабын қамтыпты. Сонымен, тігіншілер айтары мынадай.

«Біріншіден, киім тігуге қажетті материалдың барлығын өзге мемлекеттерден алдырамыз. Бізде неліктен отандық өнімнің бағасы қымбат?» деген сұрақ жиі қойылады. Алдымен, киім құнына жолға кететін шығындар мен кедендік салықты қосамыз. Оның үстіне Түркия, Қытаймен салыстырғанда елімізде тігінші, иә болмаса, өзге де қызметкерлерге берілетін жалақы қымбат және жалға алатын орын құны да аспандап тұр. Қажетті заттарды сырттан алатын болған соң, доллармен сауда жасайтынымыз түсінікті. Бұл да отандық өнімдердің қымбатқа бағалануына тікелей әсер етеді».

Тілші бұл мәселені де қамтыған екен мақаласында. Соңғы уақытта Қазақстанда отандық өнімдердің үлесі артып, жеңіл өнеркәсіпті дамытуда сең қозғала бастағандай. Киім, тоқыма өндірісі өткен жыл­мен салыстырғанда 15,5 про­центке артқан. Оның ішінде рес­публикалық көрсеткіштің 51 пайызы Алматы облысына тиесілі екендігі айтылады.

«Астана ақшамында» «Қалаған емханаға қаралыңыз» тақырыбында мақала жарияланған екен. Басылымда «елімізде 2018 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне, яғни емханаларға тіркеу басталғандығы айтылады.

Әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады. Ескеретін жайт, емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдап, оның үйіне, жұмыс орнына жақын, яғни өзіне қолайлысына назар аударуы шарт.

«Біріншіден, бір дәрігерге тіркелген адам саны екі мыңнан асып кеткен жағдайда, өтініш жазған азамат медициналық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оның өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қарайтын әкімшілік учаскесінің тұрғылықты тұрғынының өтініші ескеріледі. Екіншіден, емхананың қызмет көрсететін учаскесінен тыс аумақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені медицина мамандары дер кезінде науқастың үйіне көмек көрсету үшін берілген уақыт ішінде жаяу жетіп үлгермейді».

Ал «Семейде 10 жылға жуық жарық пен сусыз отырған тұрғындар бар». Осы тақырыпты «Жас Қазақтың» кешегі санында түйінді мәселе көтерілген екен. Турасын айтсақ, Бүгінде ұшақтар кентіндегі 150-ден аса отбасы ауызсу мен жарыққа зәру. Тұрғындар жарықты жақын маңдағы тұрғын үй иелерінен сұрап, тартып алып отыр. Бұл заңсыз. Оның өзінде ток күшін көтермегендіктен жарық өшіп қалады екен. Ал тартылып тұрған желілер жерге жақын. Сондықтан мұндағы тұрғындардың арманы мемлекеттің электр қуаты желісіне қосылу.

Ауызсу да шығыс өлкенің Комсомол аталатын кентінде өткір тұрған мәселе екен. Осы турасында мақаладан үзінді берсек.

«Ал ауызсуды тұрғындар тасып ішуге мәжбүр. Бұл жағдай – Комсомол кентінің тұрғындары үшін де басты мәселе. Ұзақ жылдар әкімдіктегілерден көмек сұрап келе жатқан тұрғындардың жағдайы жергілікті билік өкілдеріне таныс. Дегенмен қаржы мәселесі қолбайлау болған екен. Кент тұрғындарымен кездескен қала әкімі мәселелерді жыл соңына дейін шешуге уәде етті. Жарық және су тарту үшін арнайы жобалық-сметалық құжат дайын. Облыстық және қалалық бюджеттен 2 млрд 8 млн теңге қаржы бөлінген. Таяуда байқау арқылы жұмыстармен айналысатын мердігер мекеме анықталады. Жыл соңына дейін су мәселесі шешілмек».

Комсомол және Ұшақтар кентінің тұрғындарымен жүздесуге арнайы барған қала әкімі Ермак Сәлімов аталған мәселені таяуда шешіп беруге уәде еткендігін тілші атап өткен екен. Ендеше, жақсы істің боларына сенейік.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы