USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 12 адамға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 12 адамға қатысты сот үкімі шықты фото: stolitca24.ru

Олардың он біріне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал тағы бір адам 8 жылын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Естеріңізде болса, биыл ақпанда шекара аспақ болған 12 адам Ақтөбе-Шымкент тас жолында қолға түскен еді. Олар Сириядағы ТГИЛ лаңкестік тобының содырларынан хабарлама алған. Кейін елден қашып шығуды көздепті. Жамбыл облысынан Қырғызстанға жетіп, одан Түркия арқылы Сирияға жетуді көздеген. Айта кеткен жөн, сот үкімі 15 тәуліктен кейін іске асады.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Сот үкімімен аталған 12 адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлімімен, 257-бабының 2-бөлімімен, 258-бабының 1-бөлімімен қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың мүлкі тәркіленіп, 6-8 жылға бостандықтарынан айрылды. Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде