USD/KZT
328.49
EUR/KZT
356.10
РУБ/KZT
5.54


Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

  • 110
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады фото: akorda.kz

Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сондай-ақ Ө.Шөкеев Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты.

Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған.

«Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

back to top