Сарапшылар: Мемлекетімізге өз міндеттерін уақтылы орындай алатын Парламент пен Үкімет қажет

Мемлекетімізге өз міндеттерін уақтылы орындай алатын Парламент пен Үкімет қажет. Биліктің ішкі құрылымын жаңғырту оның қызмет атқаруына оң әсерін тигізеді.

Отандық сарапшылардың ортақ ой-пікірі осыған саяды.

Гүлнар Әлібаева, заң ғылымдарының докторы:

- Реформа аясында үкімет жауапкершілігін арттыру құптарлық іс. Билік қабылданған заңдар мен бағдарламалардың нәтижелі болуына күш салады. Ал оның қандай деңгейде жүзеге асқанын Парламент қадағалайды.

Рахым Ошақбаев, сарапшы:

- Парламенттің рөлі артса, квазимемлекеттік сектор қатаң бақылауға алынады. Қазір елде жүргізіліп жатқан жекешелендіру бағдарламасы оң нәтиже беруі үшін Есеп комитеті қаражаттың келіп-кетуін қадағалауы тиіс. Егер Елбасы жариялаған конституциялық реформалар жүзеге асса, Қазақстанның саяси жүйесі бәсекеге қабілетті болады.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры:

- Бұған дейін Елбасы әлеуметтік-экономикалық және институционалдық реформаларға басымдық берген. Ал қазір саяси реформалардың жүзеге асуы өзекті болып табылады. Менің ойымша, осындай саяси өзгерістердің арқасында қоғам үшін маңызды түйткілдер өз шешімін табады.

Әсет Атабаев, «Ақ жол» партиясының өкілі:

- Конституциялық реформаның негізгі мақсаты жай ғана саяси-экономикалық тұрғыда емес. Парламент фракциялары, депутаттардың мәртебесін көтеру керек. Үкіметтің бюджеттік шығындарын қадағалау керек.